Тасымалданатын атыс жабдығының жиынтығы тапаншалардан, мергендік винтовкалардан, автоматтардан, қол пулеметтері мен Калашников пулеметтерінен оқ ату жаттығуларын орындау бойынша әскери атыс алаңының бір учаскесін нысана және қосымша жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған, бір бағыт екі атушы үшін.
Тасымалданатын атыс жабдығы өзінің құрамы бойынша да, оған кіретін жабдықтың конструкциясы бойынша да жылдың кез келген уақытында қысқа мерзімде дайындалмаған жерлерде нысана жағдайын өрістетуге (құруға) есептелген.
Жинақтың құрамына кіретін жабдықтардың конструкциясы қосымша қаптамасыз автомобильдерде тасымалдауға, сондай – ақ бір-үш сарбазмен тасымалдауға арналған, ол үшін арнайы тұтқалар көзделген.
Жабдықтың жеткілікті механикалық беріктігі бар және тікелей топыраққа орнату үшін есептелген.
Жиынтық басқару аппаратурасынан, нысана қондырғыларынан, негізгі және апаттық қоректендіру көздерінен, зарядтау құрылғыларынан, имитация шамдарынан, жиынтықтан құрал-саймандар мен пайдалану құжаттамасынан тұрады, атап айтқанда: