“БМП Директриса” атыс жабдығының жиынтығы-мотоатқыштар бөлімшелерінің жеке құрамдарына жазықтық, тау бөктеріндегі және таулы жерлерде бір мезгілде үш бағытта БМП жарақтарынан ату жаттығуларын орындауға арналған.
Директрис мыналарды қамтиды: бастапқы жағдайы, отты ашу және тоқтату шептері, мақсаттар ауданы:
- бастапқы жағдай оттың ашылу шебінен 25 м жақын емес етіп тағайындалады.
- отты тоқтату шебі оттың ашылу шебінен 300 және 700 метр қашықтықта орнатылады.
- мақсаттар ауданы (нысана алаңы) Тапсырыс беруші беретін және техникалық тапсырманың ажырамас бөлігі болып табылатын нысана жабдығын орналастыру схемасына сәйкес жабдықталады.