Резеңке-техникалық және силикон бұйымдарына арналған заманауи біріктірілген инжекциялық-құю станогын іске қосу
30 сәуір, 2025

Резеңке-техникалық және силикон бұйымдарына арналған заманауи біріктірілген инжекциялық-құю станогын іске қосу

Жаңа автоматтандырылған инжекциялық-құю станогы резеңке, техникалық және медициналық мақсаттағы қатты силикон және басқа да эластомерлер сияқты материалдарды өңдеуге арналған.

Құю торабы бақылау клапаны бар торлы құрылым түрінде жасалған, бұл материалдардың бірқалыпты берілуіне кепілдік береді. Құю құрылымы құю жүйесіне бағытталған және материалды жоғалтпай жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Құю торабы жоғары пластификациялау әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл жоғары температураға және май-бензинге төзімді резеңке (NBR) бөлшектерге қолданылатын фторкаучук сияқты арнайы мақсаттағы резеңке каучуктарды пайдалануға жол ашады. Құю жүйесі қыздырудың температура контроллерімен жабдықталған. Материалды бұранда арқылы беру жүйесі барлық түрдегі резеңке материалдармен жұмыс істейтін бұрандаға арнайы әзірленген, жапондық «Yuken» компаниясының баяу жылдамдықты және қуатты гидравликалық қозғалтқышымен жарақтандырылған. «Mitsubishi» құю көлемін микрометрлік реттеуі, пресс-форманы автоматты ашумен және материал берілуін бақылаумен ұштасып, бұйымдардың жоғары сапасына кепілдік береді.

Станоктың кейбір маңызды сипаттамалары:

Қысу күші: 200 тонна

Құю көлемі: 2000 текше см

Құю қысымы: 1800 кгс/см²

Плиталар өлшемі: 550 * 560 мм

Шикізаттың әртүрлі конфигурацияларын пайдалану мақсатында станок одан әрі вулканизациялау үшін парақ немесе лента түріндегі шикі резеңке алуға арналған каландрлау машинасымен жабдықталған. Технологиялық процестің осы кезеңінде материалды бояу үшін пигменттерді қолдануға, сондай-ақ резеңке құрамына қатайтқыш қосып, берілген қаттылығы бар дайын өнім алуға болады.

Қатты силикон немесе резеңке құйылған бұйымдардың үлкен сериясын үнемді өндіруге жарайды. Олардан жасалған бөлшектерді техникалық және фармацевтикалық мақсаттарда пайдалануға болады. Бұл материалдар тамақ өнімдерімен бірге пайдалануға да жарамды.

Жаңа жабдықтағы алғашқы өнім — жиілігі 50 Гц, оқшауланған бейтарабы бар 27,5 кВ айнымалы ток кернеу сыныбындағы желілердегі электр жабдықтарын найзағайлық және коммутациялық асқын кернеулерден қорғауға арналған полимерлі асқын кернеуді шектегіш.

Әрі қарай оқыңыз:

Барлығын көру
«Алматыэнергосервис» ЖШС Бангладеш Қарулы Күштері тарихында із қалдырады
Жаңалық 30 сәуір, 2025
«Алматыэнергосервис» ЖШС Бангладеш Қарулы Күштері тарихында із қалдырады

Дакка қаласында «Жауынгерлік лазерлік имитациялық кешенін» жеткізуге арналған жаңа келісімшартқа қол қою рәсімі өтті.

«Алматыэнергосервис» Қазақстан машина жасаушыларының IX Форумында
Жаңалық 30 сәуір, 2025
«Алматыэнергосервис» Қазақстан машина жасаушыларының IX Форумында

2021 жылғы 22–23 қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының IX Форумы өтті